Перейти к содержимому

Текст песни wlK — Kozinnin Moldirin-ai (feat. Gulim Zhusipbekova)

Исполнитель: wlK Обновлено:

Барады аулым көшіп Қызылжарға,
Таң атар, шолпан туып, сызылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.
Осы әнге тамылжытып сала берем,
Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.

Құландай жүйрік майда жал-ай,
бар ма екен біздей ынтызар-ай,
Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін-ай.

Ел алды қарайғанда қамыс қалды
Ауылы қалқатайдың алыс қалды, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ауылға алыс қалған қарай-қарай
Қайрылып қаршығадай мойным талды, Көзіңнің мөлдірін-ай

Ұшады аққу көлден қайраңдаған
Дариға, өткен өмір айналмаған, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ауылға алыс кеткен, қимас қалқа
Жүзіңді сағындым ғой жайраңдаған, Көзіңнің мөлдірін-ай.

Текст добавил: Андрей Курышев

Похожие песни