Перейти к содержимому

Текст песни Тоқтар Серіков — Аузынан айдың түскен қыз

Исполнитель: Тоқтар Серіков Обновлено:

Аузынан айдың түскен қыз
сөзі:С.Томан
сазы:С.Бәкір

Жолымыз құрбым бір болсын,
Жақын боп кеттің досымдай.
Бұрын сен қайда жүргенсің,
Бұрымдыларға қосылмай.
Көрдім де сені өзгердім
Басқа адам болып бір демде
Періштелерін өзге елдің
Көзге де ілмей жүргенде.

Желкілдеп сезім балбырап,
Шаттықтан шаршап қуансын.
Аспаннан түскен салбырап,
Айдың сен қызы шығарсың.
Көргем жоқ жерден мұндай жан
Көрімдік алса күн алсын
Құтқарып алған мұңды ойдан,
Құдіреттің өзі шығарсың.

Күнімді менің итерген,
Кеудеме қанат біткенде
Қармана бердім күйбеңдеп
Өзіңнен басқа күн көрмей
Дертімді қалай емдерміз
Не амал оған не істерміз
Арманым болдың сен менің
Аузынан айдың түскен қыз

Көрімдік алса күн алсын
Аузынан айдың түскен қыз.


Текст добавил: Андрей Курышев

Похожие песни

Другие песни исполнителя Тоқтар Серіков

Все песни Тоқтар Серіков →