Текст песни Серілер — Қазақтың қара баласы
Етектен кесіп жең болмас.
Еншілеп алған ауруға
Екі дүниеде ем қонбас.
Ананың сүтін арда емген,
Атадан қалған бала кем болмас.
Тебініп атқа мінсе де,
Тектіге тентек тең болмас.
Қазанға түспей ас болмас,
Қарекет қылған аш қалмас.
Қазақтың қара баласы,
Біріне бірі қас болмас.
Қазақтың қара баласы
Біріне бірі қас болса,
Күндердің күні туғанда,
Жат болудан жасқанбас.
Өзіңе өзің жаудайсың,
Өнбейтін істі даулайсың.
Төріңді жатқа жайлатып,
Төсекте жатып аунайсың.
Аузыңмен орақ орасың,
Тіліңмен оны баулайсың.
Атымтай сенің неңді алған,
Қожанасырдан аумайсың
Сарыала қамыс, сар қамыс,
Саясы кімге алданыш?
Самырсын қанат сары балық,
Самұрық көкке самғап ұш!
Жақынның бәрі жарамсақ,
Алыстың бәрі арбағыш,
Балаға бағбан болса игі,
Бабадан алған ар намыс.
Асу да асу бел қайда?
Аса бір соққан жел қайда?
Еңіреп туған ел үшін,
Едіге сынды ер қайда?
Еңісте малы мыңғырған,
Ежелгі қоныс жер қайда?
Еншісі бөлек ер ұлан,
Еңсесі биік ел қайда?
Атадан қалған көз қайда?
Абыздан қалған сөз қайда?
Алауыз болса арасы
Ағайын азып, тозбай ма?
Барға да, жоққа бар қадыр,
Баяғы бекзат кез қайда?
Кенеуі кеткен тіршілік,
Кеуденің шерін қозғай ма?
Бағзының көзі балбал тас,
Басына байғыз қонбай ма?
Қара шал тіккен қараша үй,
Қараусыз бір күн қалмай ма?
Отқа да түскен қызыл тіл,
Шоққа да түскен қызыл тіл,
Бекерден бекер, Құдай ау,
Заманның зарын толғай ма?
Аспанның қары ала қат,
Алланың нұры ғаламат.
Келген бір күнге салауат,
Көрген бір сүнге қанағат.
Жаманнан туар жалмауыз,
Жақсыға құмар жамағат.
Қадымнан қалған қағанат,
Қазаққа бүгін аманат.
Текст добавил: Андрей Курышев
Краткое описание
Песня «Серілер — Қазақтың қара баласы» (Сериалы — Казахстанский черный мальчик) написана на казахском языке и посвящена молодому поколению Казахстана. Текст песни передает идею о том, что молодые люди должны быть сильными, уверенными и нести ответственность за свою страну и народ. Песня призывает казахских молодых людей быть гордыми за свою историю, культуру и традиции, сохранять их и передавать следующим поколениям.
Песня начинается с утверждения о том, что нет другой страны, которая была бы лучше Казахстана, и что никто не может превзойти его красоту и богатство. Отмечается, что молодое поколение должно принять наследие своих предков и прдолжать развивать страну.
В тексте песни также говорится о том, что молодые люди должны быть единственными и неповторимыми, не похожими на других. Они должны стремиться к величию и не бояться преодолевать трудности и препятствия.
Песня также подчеркивает, что молодые люди должны быть готовыми к борьбе за свои цели и идеалы. Ои должны быть сильными и уверенными, не позволяя никому препятствовать им дотичь успеха.
В тексте песни также прослеживается идея о том, что молодые люди должны быть гордыми за свою национальность и наследие. Они должны сохранять и передавать казахскую культуру и традиции, а также быть готовыми к защите своей страны.
Песня «Серілер — Қазақтың қара баласы» является вдохновляющей и патриотической. Она призывает молодых людей Казахстана быть сильными, уверенными и гордыми за свою страну и народ. Это песня о том, что каждый молодой человек может стать достойным представителем своей страны и принести пользу своему народу.
Похожие песни
- ❤ Бәрібір сені сүйем.❤❤тура қара көзіме❤ бақытсыз жүрек-бақытты жандарды көрмейді.... ❤
- Қара жаным [2015] Райымбек Буркитбаев
- Ей қазақтың қыздары біртүрлі адам Мұқағали Мақатаев
- Қара қызым Асан Пердешов
- сенің көзің қара да емес көк те емес Мукагали Макатаев
- Қазақтың дәстүрлері-ай Нұр тұмар тобы
- Қазақтың қаны Дәрібаевтар
- Қазақтың ерке қызымын Мақпал Жүнісова