Перейти к содержимому

Текст песни Мейрамбек Беспаев — Гашыкпын

Исполнитель: Мейрамбек Беспаев Обновлено:

1. Жайнатқан көңілді бір ғажап сезіммен,
Бақытты болуды үйрендім өзіңнен,
Өтер ме едім сезбестей сезімнің барлығын,
Өзіңмен кездеспей қалғанда тағдырым.

Қ-сы:
Мен саған ғашықпын, сен оны білгейсің,
Сағынып асықтым, қарсы алып күлгейсің.
Махаббат бесігін тербетіп жүргейсің,
Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің.

2. Тек қана айналма, әніне өзгенің.
Мен үшін айдан да, әдемі көздерің,
Болалмай серік бір, арманым жоғалған.
Сен болып келіп тұр, қол жетпес сол арман.

Қ-сы:
Мен саған ғашықпын, сен оны білгейсің,
Сағынып асықтым, қарсы алып күлгейсің.
Махаббат бесігін тербетіп жүргейсің,
Жүректің есігін қақпай-ақ кіргейсің.

Текст добавил: Андрей Курышев

Похожие песни

Другие песни исполнителя Мейрамбек Беспаев

Все песни Мейрамбек Беспаев →

Подборки песен под гитару

Все подборки →