Текст песни Мейрамбек Беспаев — Үкілі кәмшәт
Үкілі кәмшәт, бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.
Иықтан шашың төгіліп жерге,
Күмісті шашбау жарасып белге.
Қиылған қасың, қарақат көзің,
Жүректі баурап, оятар сезім.
Тал бойың нәзік - қызғалдақ гүлдей,
Дидарың нұрлы - шуақты күндей.
Жаңарып қайта, жаңғырып көне,
Ләззат алар көрген жан сенен.
Көркіңнен сенің айналдым, еркем,
Қазақтың салтын сақтаған, көркем.
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.
Иықтан шашың төгіліп жерге,
Күмісті шашбау жарасып белге.
Қиылған қасың, қарақат көзің,
Жүректі баурап, оятар сезім.
Тал бойың нәзік - қызғалдақ гүлдей,
Дидарың нұрлы - шуақты күндей.
Жаңарып қайта, жаңғырып көне,
Ләззат алар көрген жан сенен.
Көркіңнен сенің айналдым, еркем,
Қазақтың салтын сақтаған, көркем.
Текст добавил: Андрей Курышев



