Перейти к содержимому

Текст песни Квинтет — Тек алға

Исполнитель: Квинтет Обновлено:

[Динара]:
Тіршілік қайнап тұрса
Көңілің сайрап тұрса
Жас жанып жайнап тұрса
Дала

[Айдана]:
Сөндірме жан нұрыңды
Жазғырма тағдарыңды
Бақытқа əр күніңді
Бала

Қайырмасы:
Арманың барда
Шаршама, талма
Жасқанып қалма
Жүре бер тек алға
Өмір сынаса
Көңілге алма
Əніңді жалға
Жүре бер тек алға

[Томирис]:
Қиналсаң анда-санда
Үмітің алдаса да
Өтпелі əрқашан да
Бəрі

[Далила]:
Сəтсіз күн оралмасын
Қайғыға жоламасын
Жүректің жоғалмасын
Сəні

Қайырмасы 2 рет

[Айгерим]:
Бақ жұлдызың жанады
Арманға қанат қағады
Мұңайма ешқашан да өмірде
Əр адам бақыт алады



Текст добавил: Андрей Курышев

Похожие песни