Перейти к содержимому

Текст песни Халық әні — Ой, дүние ай

Исполнитель: Халық әні Обновлено:

Жалған-ай

Өте шығар дүние-ай қас қағымда, ай-хоу
Ойнап-күлген жарасар жас шағыңда, беу, дүние-ай
Кісі жары кісіге жар болмайды, ай-хоу
Балапандай баурыңа-ай басқанменен, беу, дүние-ай

Жалған-ай, жалған-ай
Жанбай өшкен арман-ай
Жарға лайық қалқаның
Жанды әуреге салғаны-ай

Әттең-ай, әттең-ай
Дүние неткен тәтті ең-ай
Жарасқаны қинайды
Дәм-тұзының жатпен-ай

Біреулер мәз аспанда-aй айдалғанға ай-хоу
Айналғанға біреу мәз Пайғамбарға, беу, дүние-ай
Судан таза сүттен ақ кім бар дейсің ай-хоу
Бұл дүниеде кіршіксіз сәби ғана, беу, дүние-¬ай.



Текст добавил: Андрей Курышев

Похожие песни

Другие песни исполнителя Халық әні

Все песни Халық әні →