Перейти к содержимому

Текст песни Жанболат пен Жазира — Бақытқа барар жолда

Исполнитель: Жанболат пен Жазира Обновлено:

Ерке көктем қайтадан келді деп
Ерке желмен шаттығың желбіреп
Арманыңды аңсаумен жүрсің бе
Сағыныштан жанарың мөлдіреп

Бақытыңа аттанасың ба
Бақыт ұқсас ақ көкаршынға
Тек үркітіп алма
Өкініште қалма, қалқатай

Құшақ жайып келген көп күндерің
Келбетінен сыр оқып үлгердің
Шаттығыңды қалқам-ау, тағдырың
Маңдайына жазды екен кімдердің?

Бақытыңа аттанасың ба
Бақыт ұқсас ақ көкаршынға
Тек үркітіп алма
Өкініште қалма, қалқатай

Жарқын едің, жайдары, сындарлы
Ай дидарың неліктен мұңданды?
Неге қыз боп туылдың, айнам-ау
Бақытты ете алмасаң бір жанды?!

Бақытыңа аттанасың ба
Бақыт ұқсас ақ көкаршынға
Тек үркітіп алма
Өкініште қалма, қалқатай

Текст добавил: Андрей Курышев

Другие песни исполнителя Жанболат пен Жазира

Все песни Жанболат пен Жазира →