Текст песни Гаухар Алимбекова — Көктемгі жаңбыр
Қалаға жаңбыр құйды.
Жолыңа қарап тұрмын,
Жолыңа қарап тұрмын тереземнен.
Қоштасып сен кеткенде,
Дәл осындай көктемде,
Дәл осындай көктемде келем деп ең.
Өттi, мiне, көктем талай,
Ұмыттың сен менi қалай?
Жүзiң арай, сөзiң балдай,
Күте-күте көзiм талды-ай.
Ал жаңбыр шелектеуде,
Жылады теректер де,
Жылады теректер де су-су болған.
Сағыныш керек неге?
Әйтеуiр со көктемде,
Әйтеуiр со көктемде бiр сыр қалған.
Жолыңа қарап тұрмын,
Жолыңа қарап тұрмын тереземнен.
Қоштасып сен кеткенде,
Дәл осындай көктемде,
Дәл осындай көктемде келем деп ең.
Өттi, мiне, көктем талай,
Ұмыттың сен менi қалай?
Жүзiң арай, сөзiң балдай,
Күте-күте көзiм талды-ай.
Ал жаңбыр шелектеуде,
Жылады теректер де,
Жылады теректер де су-су болған.
Сағыныш керек неге?
Әйтеуiр со көктемде,
Әйтеуiр со көктемде бiр сыр қалған.
Текст добавил: Андрей Курышев