Текст песни Елена Әбдіхалықова — Қазақ едім дегенше
Қазақ едім дегенше, құсалықпын десеңші,
Тұзағына талайдың тұсалыппын десеңші.
Арамыздан ап кеткен үш әріппін десеңші.
Қазақ едім дегенше, бастық едім десеңші,
Самара асқан составпен астық едім десеңші.
Өзіме өзім, дүние ай, қас қып едім десеңші,
Қырып салған халқымды аштық едім десеңші.
Қазақ едім дегенше, нар едім ғой десеңші,
Бақ дәулетті шашуға бар едім ғой десеңші.
Кемелденген кездерде елу миллион болып,
Құла дүзде мыңғырған мал едім ғой десеңші,
Қазақ едім дегенше, дарын едім десеңші,
Әуелетіп Айдайға салып едім десеңші.
Бойдан қуат кеткенде, ұл қызыммен қоштасып,
Қарттар үйі алдында қалып едім десеңші…
Қазақ едім дегенше, өліп едім десеңші,
Баындағы әркімнің бөрігі едім десеңші.
Шәкәрімдей шыңырау, тектілерді шыңғыртып,
Алпыс жылдай архивке көміп едім десеңші.
Қазақ едім дегенше, бөлтірік ем десеңші,
Талай дарын дүниеге келтіріп ем десеңші.
Мың жылда бір туатын Мұқағали секілді,
Алыбымды абайсыз өлтіріп ем десеңші.
Қазақ едім дегенше, нағыз едім десеңші,
Шаш етектен талайға қарыз едім десеңші.
Қолым қышып кеткенде, ер азамат үстінен,
Астанаға жазылған арыз едім десеңші.
Қазақ едім дегенше, дінсіз едім десеңші,
Қазақ едім дегенше, құнсыз едім десеңші.
Өзбегіңе мал сатып, шашлығын сыраға,
Қосып жеген дүние ай, мұңсыз едім десеңші.

Текст добавил: Андрей Курышев
Похожие песни
- Қазақ едім дегенше Табыл Досымов
- ҚАЗАҚ осы Гаухар Алимбекова
- Мен саған ғашық едім Сакен Майгазиев
- Қазақ осы Дуэт
- Айжан Балжан Қарлыгаш — Қазақ қызы Ainagul Zholdaskyzy
- Мен қазақ қыздарына қайран қалам Нұрлан Өнербаев
- Мен қазақ қыздарына қайран қалам Ақбота Керімбекова
- Қазақ елі осындай! Нурмухан, Айсезим, Нурбол