Перейти к содержимому

Текст песни Бекболат Тілеухан — Менің елім, Қазақстан

Исполнитель: Бекболат Тілеухан Обновлено:

Арайлап таңым, асқақтап тауым,

Ән ойнап көгім, күй тартып көлім.

Қол жетті, міне, аңсаған күнге,

Жасай бер жаса, қазағым менің.

Қазақстаным - жасыл орманым,

Қуанышымды жасыра алмадым.

Аңсаған бабам, аңсаған елім

Бостандық еді ау, асыл арманым.

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Құтты болсын отауың,

Берік болсын босағаң.

Бабамның қаны , анамның жасы,

Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.

Береке, бірлік - қамалдың басы,

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.

Күйінсін жауың , сүйінсін досың,

Жиылсын қауым, құйылсын көшің.

Ертеңің үшін аянба, ерім,

Ояншы, елім, жиылсын есің.

Ұрпақ үшін, ел үшін,

Атамекен жер үшін

Берекең мен бірлігің,

Таси берсін ырысың.

Текст добавил: Андрей Курышев

Похожие песни

Подборки песен под гитару

Все подборки →