Перейти к содержимому

Текст песни Алмас Кишкенбаев — Нелiктен

Исполнитель: Алмас Кишкенбаев Обновлено:

Есімде көктем, нұр жауған көктем,
Есімде соңғы кездесу.
Есімде мәңгі сағынтқан жанды
Қоштасардағы сырласу.
Есімде менің,
Есімде сенің
Қалды ма алғаш танысу?
Бұйырмай маған,
Бұйырмай саған
Қалды ма, жаным, табысу?

Неліктен солай болғанын
Табалмай жүрмін толғанып.
Қабылдай алмай қалғанын
Махаббат гүлі солғанын.
Неліктен солай болғанын
Табалмай жүрмін толғанып.
Қабылдай алмай қалғанын
Махаббат гүлі солғанын.

Есімде қысым, есімде жазым,
Есімде күз бен көктемім.
Бақытымыздың қалайша, Жаным,
Аңғармай қалдық өткенін.

Неліктен солай болғанын
Табалмай жүрмін толғанып.
Қабылдай алмай қалғанын
Махаббат гүлі солғанын.
Неліктен солай болғанын
Табалмай жүрмін толғанып.
Қабылдай алмай қалғанын,
Махаббат гүлі солғанын.

Неліктен солай болғанын
Табалмай жүрмін толғанып.
Қабылдай алмай қалғанын
Махаббат гүлі солғанын.
Неліктен солай болғанын
Табалмай жүрміз толғанып.
Қабылдай алмай қалғанын,
Махаббат гүлі солғанын.

Есімде көктем, нұр жауған көктем,
Есімде соңғы кездесу...

Текст добавил: Андрей Курышев

Похожие песни

Другие песни исполнителя Алмас Кишкенбаев

Все песни Алмас Кишкенбаев →

Подборки песен под гитару

Все подборки →