Перейти к содержимому

Текст песни Гаухар Әлімбекова — Ғашықтың сыры

Исполнитель: Гаухар Әлімбекова Обновлено:

ҒАШЫҚТАР СЫРЫ

Әні мен өлеңі: Гауһар Әлімбекова.

Ғашық болдым мен өзіңе былтырдан
Сен білмейсің жүрегімде сыр тұнған.
Дауа бар ма құлай сүйген жүрекке
Сол кезден-ақ бар өмірім құлпырған.

Қайырмасы:

Махаббат аясынан ләззат алып
Биікке ұшайықшы қанаттанып.
Жан сырымды шертейін әнімменен
Жүрек шіркін барады оттай жанып.

Естисің бе назды ғашық үнімді
Сағыныш пен сезім толы жырымды
Жиын-тойға, думандарға барғанда
Сенің орның маған жиі білінді.

Қайырмасы:

Таңдағаным көп ішінен өзіңсің
Махаббаттың мөлдіреген көзісің.
Бақытымды таба алмай келемін
Жылдар бойы іздегенім өзіңсің.



Текст добавил: Андрей Курышев

Похожие песни

Другие песни исполнителя Гаухар Әлімбекова

Все песни Гаухар Әлімбекова →